• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында қазақы ақбас және әулиекөл тұқымдас асыл тұқымды ІҚМ сату аукционы өтеді (Фото)

Қостанай облысында қазақы ақбас және әулиекөл тұқымдас асыл тұқымды ІҚМ сату аукционы өтеді (Фото)

21 Шілде, 2015 11:49
«Қарасу» сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС (Қостанай облсы, Қарасу ауданы, Восток кенті) қазақы ақбас және әулиекөл тұқымдас асыл тұқымды ІҚМ сату мақсатында кезекті «KARASU Farm-2015» аукционын өткізеді. «Казагромаркетинг» АҚ осы шараны қоса өткізетін болады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.

Аукцион барысында барлығы 60 бас асыл тұқымды ірі қара мал саудаға шығарылатын болады, оның 20 басы әулиекөл тұқымдас қашарлар, 10 басы қазақы ақбас тұқымдас қашарлар, 30 басы қазақы ақбас тұқымдас тайыншалар. 

Барлық асыл тұқымды тайыншалардың өнімділігін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университитенің ғылыми қызметкерлері бағалаған.  

Саудаға шығарылатын асыл тұқымды тайыншалар еттерінің айрықша сапалығымен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді. Тәулігіне шамамен алғанда 900-1000 граммнан салмақ қосып отырғанда, 15 айлық тайыншалардың салмағы 450-480 келіге дейін жетеді. 

Саудаға шығарылған асыл тұқымды қашарлардың салмағы 12-13 айда   300 келіден 340 келіге дейін жетеді.

Шаруашылықтағы мал асылдандыру жұмыстары жануарлардың етттерінің сапасын ұдайы жетілдіруге бағытталған.  

Бұл мақсатта шаруашылық таза текті асылдандырумен қатар, герефордтармен шағылыстыру әдістерін пайдаланады.   

Сонымен қатар, өткізілетін аукцион барысында «Казагромаркетинг» АҚ  IT- мамандары ұйымдастырған «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АЖБ) Web-порталымен және Мал шаруашылығындағы ақпараттық-талдамалық жүйемен (АТЖ) жұмыс істеу бойынша семинар өткізіледі.   

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» (АЖБ) Web-порталы Web-порталы  жануарларды санаққа алып, міндетті түрде жануарға тиесілі жеке нөмірін және ветеринарлық паспортты берумен, жануарлар туралы ақпаратты (жынысы, тұқымы, жасы, жануар иесі туралы мәлімет) онлайн жүйесіне енгізумен айналысады.   

Бұл жүйенің мақсаты эпизоотиялық жағдайды қалыпты ұстау, мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерінің санитарлы-ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық жануарларының денсаулығын, олардың орнын ауыстыруын бақылау және қадағалау.  

 Мал шаруашылығындағы ақпараттық-талдамалық жүйе - асылдандыру және селекциялық мақсатында өткізілген жұмыстардың бірегей ақпараттық базасын құру үшін пайдаланылатын отандық веб-жүйе (бағдарламалық өнім).

 Жүйе асыл тұқымды жануарлар, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілері және ірі көлемдегі селекциялау үрдісіне тартылған жануарлар туралы туралы мәліметтерді жинаумен және өңдеумен айналысады.  Табынды басқару, жетілдіру және  жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыру үшн пайдаланылады.   

Аукцион бағдарламасында, сондай-ақ, шаруашылықта бірнеше жылдар бойы қолданылып келе жатқан биогаздық қондырғының жұмысын көрсету жоспарланған. Қондырғы жылына 16 мың тоннаға дейін мал шаруашылығы кешенінің табиғи қалдықтарын қайта өңдеп, 800 мың текше метр биогаз, 5 мың тоннадан артық сұйық және 8 мың тоннадан артық қатты тыңайтқыштар өндіруге, сонымен қатар, электр және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.  

Барлық жаңалықтар