• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ІІМ 2015 жылдың бірінші жартысы бойынша жедел қызмет көрсету жұмысын қорытындылады

ҚР ІІМ 2015 жылдың бірінші жартысы бойынша жедел қызмет көрсету жұмысын қорытындылады

21 Шілде, 2015 11:18
Алматыда Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен ІІМ-нің алқа отырысы болып өтті, онда ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы талқыланды және алда тұрған кезеңге негізгі міндеттер белгіленді, деп хабарлады ведомство.

Кеңесте жыл басынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінің  жаңа нормаларын қолдану практикасының жай-күйі қаралды. 

 Алқа мүшелері Төтенше жағдайлар комитеті қызметінің басым бағыттары және оның аумақтық бөліністерінің ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы талқыланды.
 Алқада профилактикалық жұмысты жетілдіру, әкімшілік полицияның қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің сапасын арттыру және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің жаңа нормаларын қолдану мәселелері көтерілді.

ІІМ алқасында ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің бірқатар басшалары сөз сөйледі. 

 Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты қауіп-қатер төнген және төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі тәртіпсіздіктерді жою кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қорғауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру болып табылды.
 Оқу-жаттығуға полицияның, Ұлттық ұланның және қылмыстық-атқару жүйесінің күштері мен құралдары жұмылдырылды, алдарына қойылған міндеттерін шешуде іс-қимыл жасауда реттілік пен үйлестірушіліктің жоғары деңгейін көрсетті.

 Жалпы оқу-жаттығу жеке құрамның кәсіби дағдысын және экстремалдық жағдайларда полицейлер мен әскери қызметшілердің психологиялық дайындығын пысықтауға мүмкіндік берді.
 Оқу-жаттығуға ІІМ орталық аппаратының және Ұлттық ұланның басшылық құрамы, аумақтық ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің, сондай-ақ Алматы қаласының, Алматы және Жамбыл облыстарының ішкі істер органдарының жеке құрамы қатысты.

 

Барлық жаңалықтар