- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа оқу бағдарламасы бойынша әскери ұшқыштарды іріктеу басталды
Жаңа оқу бағдарламасы бойынша әскери ұшқыштарды іріктеу басталды
«Бірінші курс – жалпыәскери факультетте оқу, екінші курс – үлгерімі, денсаулық жағдайы және медициналық көрсетілімдер ескеріле отырып, мамандықтар бойынша бөлу. Мұндай жүйе әскери жоғары оқу орнында алғаш рет енгізіліп отыр», - делінген хабарламада.
Осындай әдістеме болашақ мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді және мамандықтар туралы нақты түсінік алып, бір жыл оқығаннан кейін дұрыс таңдау жасау үшін жастардың өздеріне пайдалы болады деп күтілуде. Қазіргі уақытта ұшу институты оқуға түсуге жаңа жинақтауды бастады.
Конкурстық іріктеуді (психологиялық тест, дене даярлығы нормативтері, медициналық тексеру) жасөспірімдер жоғары оқу орнында өтеді. Қазірдің өзінде мұнда Ақтөбе мен Ақтөбе облысынан жиналған алғашқы 50 талапкер келіп жетті, ал 26 шілдеге дейін Қазақстанның өзге өңірлерінен шамамен 130 жасөспірім келеді деп күтілуде. Мұнда талапкерлердің саны жағынан әскерилерге, атап айтқанда, ұшу мамандықтарына сұраныс артып келеді деуге болады. Көптеген жас бозбалалар өздерінің келешегін ұшқыш немесе инженер кәсібімен байланыстырып, еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет еткісі келеді.
Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты білікті ұшқыштарды, инженер-механиктерді, штурмандарды, радиоинженерлерді дайындауды жүзеге асыратын Орта-Азиялық өңірдегі бірден-бір жоғары оқу орны болып табылатынын айта кетейік. Бұл білім ошағында тоғыз мамандықта 500-ге жуық курсант, оның 50-і ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы шеңберінде білім нәрін сусындауда
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр