• Басты
  • Жаңалықтар
  • Азаматтық авиация комитетінің жұмысы еуропалық үлгіге негізделетін болады

Азаматтық авиация комитетінің жұмысы еуропалық үлгіге негізделетін болады

20 Шілде, 2015 19:32
Азаматтық авиация комитетінің жұмысы еуропалық үлгіге негізделетін болады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Транзиттік әлеуетті барынша толық пайдалану мен аралас тасымалдарды ұйымдастыру мақсатында осы бағыттағы кедергілерді жою жұмыстары басталды, жүктерді тасымалдаудағы электронды құжат айналымын енгізу мақсатында салық және кеден заңнамаларына бірқатар өзгерістер енгізіледі. Осы қадамның нәтижесінде 2020 жылы Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы жүргізілетін жүк тасымалының 30 пайызын өткізуді жоспарлап отырмыз»,-деді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, 68-ші қадам бойынша, әуе тасымалдарын мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігін арттыру көзделген. Бұл ретте Азаматттық авиация комитетін британиялық үлгі мен ЕО-тың Авиация қауіпсіздігі үлгісіне сәйкестендіру жоспырланып отыр.

«Қазіргі таңда әлемнің жетекші авиация әкімшіліктерімен келіссөздер жүргізілуде, біз келесі жылдан бастап шетелдік мамандар жұмыстарына кіріседі деп жоспарлап отырмыз. Бұл шара өз кезегінде 2020 жылы ИКАО стандарттарына сәйкестікті 65-тен 75 пайызға дейін жоғарылатады деген сенімдеміз»,-деді Ә.Исекешев.    

 

Барлық жаңалықтар