- Басты
- Жаңалықтар
- Ортақ тарих пен мәдениет базалық құндылықтары негізінде Қазақстан халқының сәйкестігі мен бірлігі нығаяды (Видео)
Ортақ тарих пен мәдениет базалық құндылықтары негізінде Қазақстан халқының сәйкестігі мен бірлігі нығаяды (Видео)
«ҚР Президентінің «100 қадамында» төртінші бөлімнің барлығын түгелдей сәйкестік мәселесіне арнағандығы өте маңызды. Өйткені, сәйкестік Қазақстан үшін де өзге елдер үшін де өте маңызды. Қазақстан үшін маңызды болатын себебі ел халқының 90 пайыздан астамы өз тағдырын Қазақстанмен байланыстырады. Олар өздерін осы елдің азаматы санайды. Олар өздерінің тағдырларын осы мемлекетпен байланыстырып отыр»,-деді Ғ.Телебаев.
Оның сөзінше, елдің дамуы мен тұрақтылығы үшін осы сәйкестікті дамыту керек.
«Бұл бір рет берілді және болашақта ылғи да осылай бола береді деген сөз емес. Өмірге жаңа толқын келіп жатыр және біз түрлі, қауіптермен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл туралы Президент те талмай айтып келе жатыр, бұл сыртқы және ішкі қатерлер. Сол себепті сәйкестікті ұдайы жетілдіріп отыру керек»,-деді ол.
«Біз тәуелсіздігіміздің 20 жылдан астам уақытынан бері ел азаматтарының басым бөлігі өз тағдырын Қазақстанмен байланыстырады деп айтып жүрміз. Енді біз өзіміздің сәйкестігіміздің бұрынғыдан да тереңдетуіміз керек. Барлығы өздерін Қазақстан азаматы, бір елдің тұрғыны, бауырлар сияқты сезінулері керек»,-деді Ғ.Телебаев.
Қоғамдық ұйым өкілінің сөзінше, ортақ тарих пен мәдениет сияқты базалық құндылықтары негізінде сәйкестік пен Қазақстан халқының бірлігі дамиды.
«Үлкен мемлекет –үлкен отбасы» деген түсінік бар, ал отбасы деген не ? Отбасы деген туысқандық қатынастар. Мұндай жобалардың мәні неде? Біз осындай бірлікті сезінуіміз керек. Ол тек бір елдің азаматы ретінде азаматтық деңгейде ғана болмауы керек, біз өзіміздің ортақ тарихымыз, ортақ мәдениетіміз, ортақ құндылықтарымыз, ертең еліміздің халқының барлығы сөйлейтін ортақ мемлекеттік тіліміз бар екендігін сезінуіміз керек. Сонда ғана халықтың сәйкестігі, Қазақстан халқы деген сәйкестік нығаяды»,-деді «Қоғамдық келісім» мекемесінің директорының орынбасары.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары