- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Сингапур екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін талқыланды
Қазақстан мен Сингапур екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін талқыланды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Б. Сейдахметов басқарған делегациясының құрамында ҚР Азаматтық авиация академиясының ректоры және «Эйр Астана» авиакомпаниясының мен «Казаэронавигация» РМК-ның өкілдері болды.
«Келіссөздер барысында, Қазақстан Республикасының Президенті бастаған «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарындағы 73-ші қадамды іске асыру мақсатында (Астана қаласын елдің қаржы орталығы ретінде әлемдік қаржы орталықтармен тұрақты әуе қатынастар арқылы байланыстыру) Қазақстан мен Сингапур арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі талқыланды», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, келіссөздер барысында рейстердің жиілігін ұлғайту (аптасына 2-ден 7-ге дейін), бар Әуе қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу (Авиациялық қауіпсіздік және Ұшу қауіпсіздігі баптары) және код-шер ынтымақтастығы бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Сонымен қатар, іс-сапар барысында қазақстандық делегациясы Сингапур Авиация академиясына барып, Қазақстанның авиациялық саласының және авиациялық әкімшіліктің мамандарын оқыту және олардың мамандығын жетілдіру бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Академияның директорымен кездесуді өткізді.
Сингапур Авиация академиясы мен «Казаэронавигация» РМК (Кәсіби даярлау орталығы) арасындағы авиациялық саласының мамандарын оқыту және олардың мамандығын жетілдіру бойынша ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастыруға келісілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары