ШҚО-да Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бағыты талқыланды

20 Шілде, 2015 18:27
ШҚО қоғамдық кеңес мүшелерімен кездескен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уалиев Ұлт жоспарының IV қадамы «Біртектілік пен бірлік» бағытын талқылай отырып, ұлт жобасы қазақстандық ұлттар бірлігін нығайтып, қоғамдық тұтастықты құруға бағытталғандығын айтты, деп хабарлады облыстың ақпараттық орталығы.

Кездесу барысында Қуатжан Уалиев «Мәңгілік Ел», «Үлкен ел – үлкен отбасы» сынды ауқымды жобалардың іске асырылуы жайлы мәлімдей отырып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясындағы құндылықтарды қазіргі оқу бағдарламасына кіргізу жайлы және технологиялық жобаларды енгізуді қарастырып отырған «Менің елім» сынды жобаларды айтып өтті.

 Соның тағы бір мақсаты, кез-келген азаматқа және шетелік туристерге Қазақстан жайлы толық мәлімет беретін «Қазақстан энциклопедиясы» атты ауқымды ғаламтор жобасын іске асыру болып табылады.

«Жоспардың әр кезеңінің орындалуы аймақтардағы өзекжары мәселердің шешілуін, мемлекеттік органдар мен азаматттық сектор арасындағы байланыстың нығаюын, оларға деген сенімнің артуын қамтамасыз етеді. Әлеуметтік топтағы министрліктер, жергілікті басқарушы органдар және жалпы қазақстандық қоғам алдындағы басты мақсат, Елбасы Ұлт жоспарында қойған 5 реформаны іске асыра отырып, нақты нәтижеге жету болып табылады», – деді Қ. Уалиев.

Барлық жаңалықтар