- Басты
- Жаңалықтар
- Отбасына қатысты кешенді мемсаясатты жүзеге асыру ұлттық комиссияның басты мақсаттарының бірі – сарапшы
Отбасына қатысты кешенді мемсаясатты жүзеге асыру ұлттық комиссияның басты мақсаттарының бірі – сарапшы
«Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия – консультациялық-кеңесші орган болып табылады. Оның басты мақсаттарының бірі – комиссия саясатының басымдықтарын анықтауда кеңестер әзірлеу, отбасына қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастырып оны жүзеге асыру. Соңғы уақытта балалар мен жасөспірімдер және оларға төніп тұрған қауіп-қатерлер БАҚ, қоғамдастық пен құқық қорғау органдары өкілдерінің басты назарында тұрған тақырыптардың біріне айналуда. Балаға деген тым қатаң көзқарас олардың саяси, идеологиялық және экоономикалық құрылымына қарамастан барлық елдерде бар. Ұлттық комиссия балаларға қатысты проблемаларды әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады»,-деді С.Айтпаева.
Ұлттық комиссия өкілдері ғалымдар, әйгілі қоғам қайраткерлері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, жастар мен қоғамдық және ата-аналар ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен, рухани-адамгершілікті даму, жүктілік, бала тәрбиесі, асыраушысынан айырылған балаларға патронат-тәрбиеші болу сияқты өзге де көптеген мәселелер бойынша, еліміздің 14 өңірінде 24 кездесу өткізген.
Бұған қоса, биылғы жылдың мамыр айында, барлық өңірлерде кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссиялардың отырыстары өткізіліп, онда балаларға қатысты заңға қайшы әрекеттерді сауықтыру мәселесі талқыланды.
Жалпы алғанда, елде жүзеге асырылып жатқан шаралар балаларға қатысты заңсыз әрекеттер мен зорлық-зомбылықтардың алдын алуға ықпал етеді.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері