- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев Сочиде өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XII форумына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Б.Сағынтаев Сочиде өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XII форумына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді
20 Шілде, 2015 15:52
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XII форумын өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Аталған форум осы жылы 16 қыркүйекте екі ел Президенттері Н.Назарбаев пен В.Путиннің қатысуымен Сочи қаласында өтеді. Шараның басты тақырыбы агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық болды.
«Форум аясында «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары» атты мамандандырылған көрме, дөңгелек үстелдер, қазақстандық-ресейлік іскерлік кеңес отырысы, жастар форумын өткізу жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға форумға дайындық бойынша ұсыныстар өңдеуді жеделдетуді тапсырды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды