• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін француздық инвесторларды шақыруда

Маңғыстау бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін француздық инвесторларды шақыруда

20 Шілде, 2015 19:48
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлер мен Төтенше және Өкілетті елші Франсис Этьеннің төрағалығымен Қазақстандағы Францияның дипломатиялық миссиясының кездесуі өтті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

ӨКП экономикалық мәселелер бойынша  директорының орынбасары Әсет Манов «Атамекен» ҰКП қызметі туралы айтты, оның ішінде ұйымның мақсаты мен тапсырмалары, өңірдің бизнес-ахуалы, бірлескен жобаларды жүзеге асыру әлеуеті туралы баяндады.

Ол француз компанияларын маңғыстаулық кәсіпкерлермен байланыс орнатып, мүмкіншіліктерін қарауға шақырды.

Францияның дипмиссия өкілдері Маңғыстаудағы бизнес мүмкіншіліктері мен мұнайгаз секторы саласында, геобарлау, машина жасау, баламалы энергетика, агроөндірістік кешеннің жұмыстары туралы ақпарат алды.

Францияның Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьен Қазақстан-Франция бизнес  ынтымақтастығының әлеуетін атап өтті.

 

Барлық жаңалықтар