- Басты
- Жаңалықтар
- А. Исекешев: Қазақстанда ішкі туризм ерекше қарқынды дамуда
А. Исекешев: Қазақстанда ішкі туризм ерекше қарқынды дамуда
«Қазақстанда ішкі туризм жақсы дамып келеді. Алакөлде 80-нен астам шипажай бар, демалыс аймақтары демалушыларға лық толы, енді жағалауға жақын орналасқан үйлер жалдана бастады. Каспидегі барлық шипажайлар мен демалыс базалары халыққа толы. Біз туризмді дамытудың ерешке шараларын қолданудамыз. Түркия сияқты мемлекеттердің тәжірибелерінен үлгі алудамыз. Қазіргі біздің қолданысымыздағы туризм бағдарламасы ел ішінде Астана-Бурабай, Алматы, Алматы облысы, Ұлы Жібек жолы сияқты ұлттық кластерлерді дамытып, Алакөл, Балқаш сияқты өңірлік жобалардың жетілуіне жол ашады. Бұл үлкен жұмыс орындарын ашып, валюталық кірістердің елде қалуына ықпал етеді. Сондықтан туризм бағдарламасы біздің министрлігіміздің басым бағыттарының бірі болады»,-деді Ә.Исекешев.
Оның сөзінше, туризмді дамытудың көлікті субсидиялау, жаңа көлік бағыттарын ашу мен қызмет көрсетуді жетілдіру сияқты көптеген әдістері бар. «Біз Қазақстан азаматтары үшін және ішкі туристік орындар мен курорттарда ыңғайлы көлік шарттарын қалыптастыруымыз керек. Екіншісі, қызмет сапасын арттыру керек»,-деді министр.
Сонымен қатар, ол ЭКСПО-2017 аясында министрліктің сертификаттау ережелерімен айналысып жатқандығын атап өтті. «Бізге Астана мен оған таяудағы аймақтарды және бүкіл елді шеттен келетін туристерге дайындау керек. Ол үшін мейманханаларды дайындап, қызметті жетілдіріп, саяхатшыларды алып жүретін гидтерді қамдап, таксистер мен ағылшын тілін білетін аудармашылар керек»,-деді Ә.Исекешев.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады