- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ҰОС және Ауған соғысы жылдары қаза болғандарға арналған саябақ ашылды
ШҚО-да ҰОС және Ауған соғысы жылдары қаза болғандарға арналған саябақ ашылды
Сұрапыл соғыс құрбандарын еске алуға арналған саябаққа мәңгілік алаумен қатар, «Тырналар» деп аталатын ескерткіш-монументі және ауданнан шыққан Халық Қаһармандары мен ҰОС бастырларының бюсті орналастырылған. Салтанатты рәсімде аудан тұрғындарын ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.
«Биылғы жылы облысымызда Жеңістің 70 жылдығы кеңінен атап өтіліп, аудан-қалаларда осындай кешендер ашылуда. Бұл ең бастысы болашақ жастарға, өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі мол кешен болмақ. Сондықтан, саябақтың тұрғызылуына күш салып, қаржы жұмсаған кәсіпкерлерге облыс басшылығы атынан алғыс білдіремін», – деді Ж. Омар.
Шара барысында «Халық Қаһарманы», ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерді түрлі дәрежедегі төсбелгілермен марапаттады.
«ҰОС жауынгерлері әлемді фашистерден азат етті. Ауған соғысының жауынгерлері шайқаста қаза болып, есте қалды. Біз, батыр елдің ұрпақтары ата-бабамыздан қалған жерге ие болдық. Құтты еліміз болашағы және бақыты бар ел. Ендігі міндет, осы елдің жастарының қолында», – деді Б. Ертаев.
Айта кету керек, 2013 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ұлан ауданының әкімдігі кәсіпкер, Ауған соғысының ардагері Қайрат Мусинмен саябақтың құрылысы жайлы меморандумға қол қояды. 2014 жылы «Халық Қаһарманы», ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев саябақтың алғашқы тасын қалап, құрылыс жұмысы басталған болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды