• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жыл соңына дейін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданады

Қазақстанда жыл соңына дейін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданады

20 Шілде, 2015 14:49
2016 жылдың желтоқсан айында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылдау жоспарланып отыр, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«2016 жылдың желтоқсанында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданады және ол әлеуметтік жағдайы нашар өңірлердегі артельді өндірісті көлеңкеден шығару, инвестициялық тартымдылық жағынан рейтингтерді көтеру мен барлау мен өндіру ісіне жаңа технологияларды тарту сияқты бағыттар бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайдың оңалуына ықпал етеді. Біз компанияларды мейлінше көбірек тарту бойынша ауқымды жұмыстарды бастадық»,-деді Ә.Исекешев.  

Оның сөзінше, осы ретте барлық пайдалы қазбалар бойынша оңтайландырылған келісім-шарттар жасау әдісі енгізілетін болады.

Дайындалып жатқан «Жер қойнауы туралы» Кодекске, инвесторларға көп кепілдік беру, толықтай австралиялық құқықтық реттеу жүйесіне көшу, геологиялық ақпараттарға толықтай қолжетімділік, халықаралық стандарттарды енгізу, юниорлық компаниялардың қор нарығын дамыту сияқты өзге де мәселелер кіреді. Бұл шаралар өз кезегінде геология мен жер қойнауын пайдалану саласы бойынша еліміздің өңірлерінде мейлінше кең алаң қалыптастыруға ықпал етеді»,-деді министр.    

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар