- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы білім беру бөлімі оқулықтар мен ОӘК сатып алу үшін 600 млн-ға жуық теңге бөлді
2015 жылы білім беру бөлімі оқулықтар мен ОӘК сатып алу үшін 600 млн-ға жуық теңге бөлді
Қарағандыға жалпы сомасы 178,3 млн.теңге қажет, алайда 155,601 млн.теңге бөлінген, тиісінше, оқу әдебиетімен қамтамасыз етуге қаржы жетіспеушілігі 22,7 млн.теңгені құрайды. «Қазіргі уақытта білім беру бөлімі қосымша қаржыландыруға бюджеттік тапсырыс берді, ол бюджетті нақтылау кезінде Қарағанды қаласының мәслихатымен қаралатын болады», - делінген хабарламада.
Жалпы алғанда, 2015 жылы білім беру бөлімімен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу үшін 583 млн. 109 мың теңге бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 149 млн. 609 мың теңгеге көбірек. Жаңа оқу жылында Қарағанды облысының оқушылары 4-ші, 5-ші, 6-шы және 11-ші сыныптың, 3-ші сыныптың ағылшын тілі оқулықтары, 7-ші сыныптың информатика оқулығы, қайта басылып шыққан оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері мектеп кітапханаларының қорынан берілетін болады.
Қарағанды қаласын қоспағанда, облыстың барлық аймақтары мен қалаларына, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу үшін бюджеттен 100% қаражат қарастырылған. Барлық білім беру бөлімдері дер кезінде баспагерлермен келісімшартқа қол қойды. Конкурстық рәсімдер өткізілді және оқулықтарды жеткізушілер анықталды. Қазіргі уақытта оқулықтар баспаханадан тиеліп жатыр.
15.07.2015 ж. 459 млн. 483 мың. теңгеге (82,6 %) 561211 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері тиелінді, сондай-ақ баспаханаларға: Атамұра - 77,7 %; Алматыкітап - 100%; Арман-ПВ – 100%; Мектеп – 77,7%. Қарағанды облысының аудандары мен қалаларына оқулықтарды жеткізу жүріп жатыр.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек