• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ҚМ Бас әскери госпиталінің хирургтары 200-ден астам күрделі операция жасады (Фото)

ҚР ҚМ Бас әскери госпиталінің хирургтары 200-ден астам күрделі операция жасады (Фото)

20 Шілде, 2015 14:32
2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталінің әскери хирургтары 200-ден астам жедел ота жасады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Жартысынан көбісі ота жасаушылардың қол сұғуынсыз өткізілетін күрделі қазіргі заманғы шағын инвазивті операциялар емделушілердің қалпына келу және сауығу үдерісін айтарлықтай тездетеді.

«Жаңа жоғары технологиялық әдіснамаларды қолдана отырып, күрделі операцияларды жүргізу әскери хирургтардың артып келе жатқан кәсібилігінің арқасында мүмкін болып отыр. Шет елдерінің ірі медициналық мекемелерімен ретке келтірілген ынтымақтастығының арқасында олардың Англия мен Германияда оқуға мүмкіндіктері бар, Ресей, Украина және Үндістан дәрігерлерімен бірлескен операцияларға қатысады», - делінген хабарламада.  

Ал содан кейін әскери госпитальде емдеудің заманауи әдістерін енгізеді, отандық әскери медицинаның деңгейін арттыра отырып, әріптестерімен тәжірибе алмасады. Қазіргі уақытта әскери госпитальдің хирургтары диагностиканың, хирургиялық және консервативтік емдеудің жаңа әдістерін зерделеуде. Оның ішінде жарыққа ота жасау, жарақаттар, өкпе қабынуы кезіндегі операциялар, күрделі реконструктивті-пластикалық және пластикалық операциялар.

 

Барлық жаңалықтар