- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ 10 және 30 жылдық еурооблигация шығару жөніндегі мәмілені аяқтады
ҚР ҚМ 10 және 30 жылдық еурооблигация шығару жөніндегі мәмілені аяқтады
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Орта мерзімді ноталар бағдарламасы шеңберінде Reg S/ 144 А форматы бойынша 4 млрд. АҚШ доллары сомасында 10- және 30-жылдық еурооблигация шығару жөніндегі мәмілені аяқтады.
Шығарылым 2,5 млрд. АҚШ доллары сомасында өтеу мерзімі 2025 ж. облигациялардан, және 1,5 млрд. АҚШ доллары сомасында өтеу мерзімі 2045 ж. облигациялардан тұрады. Шығарылымға Moody's шәкілі бойынша Baa2, S&P шәкілі бойынша ВВВ және Fitch шәкілі бойынша BBB+ рейтингі берілді. Шығарылым ұйымдастырушылары ретінде Citi, JP Morgan, Kazkommerts Securities және Halyk Finance шықты.
Орналастырудың алдында ағымдағы жылдың 24 маусымынан 30 маусымы аралығында Нью-Йоркте, Бостонда, Лос-Анджелесте және Лондонда Қаржы, ұлттық экономика министрліктерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері командасының роудшоуы өтті.
Шығарылым бойынша мәміле 300-ден аса инвесторларды тартты, ал өтінімдер кітабы шамамен 10 млрд. АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, 4 млрд. АҚШ доллары сомасында шығарылым кезінде сұраныс ұсыныстан 2 есеге асып түсті. Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстан тәуекелін оң бағалауын көрсетеді. Одан басқа, Греция борыштық проблемасы мен Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер аясындағы ұзақ белгісіздіктен кейінгі осындай ірі көлемнің алғаш орналастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өтімді қисық кірістілікті құра отырып, тәуелсіз еурооблигацияларды бағдарламалық орналастыруды жалғастыруда. Бұл шығарылым Қазақстандық корпоративтік эмитенттер үшін алдағы уақытта бағалық бағдарды белгілейді.
Тартылған қаражат экономикалық өсуді қолдауға бағытталған контрциклдық фискалды саясат шеңберінде даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталған республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында пайдаланылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау