- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордалық кәсіпкерлер «жасыл» экономиканы енгізуге қатысты меморандумға қол қойды
Қызылордалық кәсіпкерлер «жасыл» экономиканы енгізуге қатысты меморандумға қол қойды
Шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының «Органикалық тауарлар өндірісі жайлы» Заң жобасына ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ жасыл технологиялар туралы тәжірибе мен пікір алмасу.
Шараға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, орталық атқарушы орган, қаржыландыру институттарының өкілдері, жергілікті сарапшылар, кәсіпкерлер қатысты.
Дөңгелек үстелде «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы, Астана қалаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бағдарламалар Кеңсесі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалының өкілдері мен кәсіпкерлер аймақтың ауыл шаруашылығы саласында «жасыл» экономиканы енгізу тетіктеріне қатысты тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді ортаға салды, пікір алмасты.
Шара қорытындысымен, облыста «жасыл» экономика элементтерін қолдана отырып, кәсібін жүргізіп отырған «Жаса-Агро» ЖК мен «Жасыл экономиканы» қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы арасында Меморандумға қол қойылды.
«Қазіргі таңда ел экономикасын дамытудағы басым бағыттардың бірі «жасыл» экономикаға өту кезеңі. Бүгінгі шара «жасыл» экономиканың тиімділігі туралы кәсіпкерлерді кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ оны енгізуде кездесетін кедергілерді кеңінен талқылап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біздің облысымызда биыл жалпы құны 10 млн.теңге тұратын «Жаса - Агро» ЖК-нің жобасы Кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС арқылы қаржыландырылды. Бүгінде кәсіпкер 20 га жерге тамшылатын суғару тәсілі арқылы бақша өнімдерін егуде. Мамандар аталмыш жерге қажетті судың аз көлемде пайдаланылғандығына қарамастан өнімнің шығымдылығы жоғары екендігін айтуда», - деді. Кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады