• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында көше жарықдиодты жарықшамдарын құрастыру бойынша зауыт ашылады

Қарағанды облысында көше жарықдиодты жарықшамдарын құрастыру бойынша зауыт ашылады

20 Шілде, 2015 10:59
«Эколампа зауыты» ЖШС 120 млн теңгелік «Сарыарқа» ЕЭА алаңында көше жарықдиодты жарықшамдарын құрастыру бойынша зауыт ашады, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Сарыарқа» ЕЭА аймағында «Эколампа зауыты» ЖШС  жарықдиодты жарықшамдарын құрастыру бойынша зауыт жобасы жүзеге аспақ. Жобаның құны 120 млн теңгені құрайды. Зауыт жылына 10 мың жарықшам шығаруды жоспарлауда. Кәсіпорында 25 адам қызмет етеді. Құрылыстың аяқталуы 2016 жылға жоспарланған.

Аталмыш кәсіпорынның ашылуы көшедегі ҚХР  жарықшамдарын сапалырақ отандық өнімге көшуінің белгісі.

Жоба қазақстандық қамтым өндірісін 60 пайызға дейін жеткізуге бағытталған.

 

Барлық жаңалықтар