Көкшетауда жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуде (Фото)

20 Шілде, 2015 09:37
Көкшетауда жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыс орталығында жолдарды белсенді жөндеуде. Жеңіс көшесінің күрделі жөнделуі 300,308 млн теңгеге шықты, ол 2015 жылдың сәуірінде басталды осы жылғы тамызда аяқталады. Қазіргі таңда нысан бойынша 98,237 млн теңге игерілді.

Жолдың ұзындығы 1 033 метрді құрайды. Сондай-ақ, осы жылы Сәтпаев көшнсіне 297,413 млн теңгенің жөндеуі жүргізіледі. Қазіргі таңда 137,361 млн теңгесі игерілді. Учаскенің ұзындығы – 629 метр.

Күрделі жөндеу аясында бордюрларды орналастыру, бағдаршам нысанын орналастыру, жол белгілерін қою сынды жұмыстар атқарылады.

Абаттандырудан бөлек су құбырларының апатты жерлерін ауыстару жоспарда бар.

 

Барлық жаңалықтар