• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Тұғжанов: 5 институционалды реформа Қазақстанда бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған

Е.Тұғжанов: 5 институционалды реформа Қазақстанда бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған

18 Шілде, 2015 12:36
4-ші институционалды реформа – бірлік пен келісім – 5 реформаны қамтып отыр, барлық бағыттар біздің елде тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталған, деді ОКҚ брифингінде ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі – басқарма төрағасының орынбасары Ералы Тұғжанов.

«Елбасы 5 институционалды реформаның жүзеге асуы бойынша тапсырма берді «Біздің бір болашағымыз – барлық реформаның негізгі атауы. 5 аталған реформаның 4-ші реформасы – бұл бірлік пен келісім. Барлық  бағыттар 5-ші бағытты қамтиды, себебі барлық реформада тұрақтылық пен келісім сақтау шаралары бар», - деді Е.Тұғжанов.

Оның айтуынша, Қазақстанның негізгі мақсаты – 2050 жылға қарсы 30 дамыған ел қатарына ену. Бұл орайда халықаралық стандарттарды еске ала отырып, «Мәңгілік ел» идеясы құрылды.

«Бұл үш түсінік бейбітшіліктің негізіне түйстірілген. Неге Елбасы? Бұл тұрақтылықтың кепілі, келісімнің кепілдігі. «Мәңгілік ел – басты бағыттаушы идея, ол бар Қазақстанның бірігуіне бағытталған»,- деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар