Алматыда жыл басынан бері 12 мың велосипед сатылды

20 Шілде, 2015 09:06
2014 жылы 15 мың велосипед сатылса, биылғы жылдың жазында ғана сатылғаны 12 мың, деп хабарлады қала әкімдігі.

2015 жылы қаладағы велосипедтердің жалпы саны 90 мың бірлікті құрайды. Егер өткен жылы 15 мың велосипед сатылса, биылғы жылдың жазында ғана сатылғаны 12 мың. Веломагазиндер қатары 26 бірлікке ұлғайды, прокатка беру 7 есе өсті.

Егер 2009 жылы велосипедті прокатка беретін 3 нүкте болса, қазір олардың саны - 23. Ал бұл жұмыс орындарының өсуіне де оң ықпал етуде. Қазіргі кезде магазиндерде 70, велошеберханалар мен нүктелерде 84 жұмыс орындары ашылған.

Даттық урбанист Ян Гейлмен бірігіп жұмыс жасау арқасында қалада тұрғындар демалатын мини-аймақтар әр ауданда пайда болуда. Аумағында урналар, орындықтар, кіші сәулет пішіндері бар «Жасыл жерлер» спорт және балалар ойнайтын алаңдарды да қамтыған.

Алматыда болашақта жаңа веложол түрі де пайда болмақ. Велобағыт Тимирязев көшесін қиып өтіп, Розыбакиев көшесінен Байтурсынов көшесіне дейін созылады, соңыра метроның «Байқоңыр» бекетін айналып өтеді. Бұл бағыт ЖОО-ның студенттеріне қолайлы болу үшін жасалған. Қазіргі кезде нидерландық сарапшылар барлық құжаттаманы аяқтап, оны қазақстандық инженерлерге тапсырды.

Барлық жаңалықтар