- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жыл басынан бері 190,6 мың адам жұмыспен қамтылды – ҚР ДСӘДМ
Қазақстанда жыл басынан бері 190,6 мың адам жұмыспен қамтылды – ҚР ДСӘДМ
А. Цойдың мәлімдеуінше, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік бағдарламаның барлық индикаторлық көрсеткіштері орындалды. Халықтың денсаулығын анықтайтын негізгі көрсеткіштер оң динамикаға ие болды. 2010 жылмен салыстырғанда туылғаннан басталатын өмір сүру ұзақтығы 3,2 есеге ұлғайып, 71,62-ні құрады. Жалпы өлім көрсеткіші 14,7%-ға, аналық және сәбилік өлім сәйкесінше 2 және 1,7 есеге, халықтың туберкулезбен ауруы 30%-ға төмендеді. Қатерлі пайда болудан өлім көрсеткіші 15,7%-ға азайды.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттық көрсеткіштерін орындау – Қазақстанның 30 дамыған елдер қатарына кіруге мүмкіндік беретін Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларымен тікелей байланысты.
Алқа жиынында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (ЖҚЖК 2020) және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында аймақтардағы жұмыспен қамту кешенді жоспарын жүзеге асыру шараларымен таныстырды. Есептік кезеңде «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының шараларымен 55,5 мың адам қамтылды. Оның ішінде жұмыссыздар - 61%, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 39%. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылардың жартысынан астам бөлігі ауыл тұрғындары екенін айта кеткен орынды.
Жалпы алғанда, бағдарламаны жүзеге асырғаннан бастап (2011 жыл) 470 мыннан аса адам жұмысқа орналастырылды.
2015 жылы Елбасының тапсырмасымен жасалған аймақтардағы жұмыспен қамту кешенді жоспарының аясында жұмыссыз (230 мыңнан аса) және өнімсіз еңбекпен (91 мыңнан аса) қамтылған азаматтардың қатарынан 322 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Кешенді жоспардың жартыжылдық қызметінің нәтижесінде 190,6 мың адам, оның ішінде тұрақты жұмыспен 100 мыңнан астам азамат қамтылды.
Алқа мәжілісінде еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленісулер бойынша ҚР ДСӘДМ тарапынан қолданылатын алдын алу шаралары қарастырылды.
2015 жылдың басынан еңбек мемлекеттік инспекторлары 735 кәсіпорын 24,8 мың жұмысшыға 3,5 млрд. теңге сомасындағы қаражат қарыз екендігін анықтады. Аталмыш кәсіпорындардың басшылығына 981 міндетті орындау туралы нұсқама мен 83,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды. Қолданылған шаралар мен жалақы бойынша қарыздарды төлеу мерзімі мен қатаң кестесі нәтижесінде 23,7 мың жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 3,1 млрд. теңге төленді.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік инспекторлар 6 мың тексеру жүргізді. Нәтижесінде 12,7 мыңнан астам тәртіп бұзу фактілері анықталып, белгілі болған сәйкессіздіктерді жою үшін 4 652 міндетті орындау туралы нұсқама беріліп, 197 млн. теңге сомасында 2 692 айыппұл салынды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі