- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК бөлімшелерінің әскери қызметшілері халықаралық оқу-жаттығуда үздік даярлық көрсетті (Фото)
ҚР ҚК бөлімшелерінің әскери қызметшілері халықаралық оқу-жаттығуда үздік даярлық көрсетті (Фото)
22534 әскери бөлімінің 16 әскери қызметшісі қазіргі заманғы қару-жарақ пен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс заттарының көрме ұйымына кірді.
Олардың ішінде РАСТ-2kz есептеу-талдау станциясы, КСО санитарлық пысықтау кешені, радиациялық және химиялық барлау құрылғылары (МКС-У, МКС АТ-1117, ДКГ-21, АР4С, УПГК-ЛИМБ, Кестрел), сондай-ақ тері мен тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ОМ-90, Саратога, Трелкем) бар. Ұйымдастырушылар жеке құрамның жоғарғы ептілігін атап өтті және қазіргі заманғы қару-жарақ мен РХБ қорғаныс заттарының үлгілерін тамашалады.
Іс-шараның белсенді кезеңі барысында оқу-жаттығу апаттың химиялық барлау ошағы, бағалау және химиялық жағдайды болжау, химиялық уланған аймақтардан зақымданған персоналдарды санитарлық тазалау және көшіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұдан өзге апат ошақтарын имитациялау кезінде аэрозолды бүркемелері бар табельді құралдарын пайдаланды.
Оқу-жаттығу кезінде бақылаушылар ретінде Техникалық хатшылықтың басшылық өкілдері ТХБӨ (Нидерланды) және Армения, Белорусь, Болгария, Грузия, Куба, Литва, Польша, Румыния, Въетнам, Таиланд және Украина елдерінен шетел бақылаушылары қатысты. 22534 әскери бөлімінің жеке құрамы өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай игеріп, орындағандығын атап өткен жөн.
Оқу-жаттығудың басшылығы мен шетелдік қонақтар жағынан ескертулер болған жоқ. Оқу-жаттығуға Инвестициялар және даму, Сыртқы істер, Қорғаныс министрліктері және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тартылды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы