Көкшетау зауыттары өнім көлемін арттырды

18 Шілде, 2015 10:36
Көкшетаудың өндірістік кәсіпорындары 34,7 млрд теңгеге тауар өндірді, ол 2014 жылмен салыстырғанда 2,9 млрд теңгеге көп, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Физикалық көлем индексі 102,0 пайызды құрады, оның ішінде 2014 жылдың  қаңтар-маусымында 93,5 пайызды құрады. Тауар өнімінің негізгі көлемі келесі компанияларды жүзеге асты.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 2,7 млрд теңгеге немесе 2014 жылмен салыстырғанда 111 пайызға тауар өндірді, 240 техника бірлігі жіберілді, 236 жүк автомобилі шығарылды, 2014 жылдың қаңтар-маусым айларына 2,4 млрд теңгенің 221 бірлігі жіберілді.

Айта кетерлігі, «КМЗ «Молоко Синегорья» ЖШС 2,6 млрд теңгенің немесе 102,4 пайыздың тауары өндірілді, 22,6 мың тонна сүт өнімі өндірілді. 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында 22,5 мың  тонна сүт өндірілді.

 

Барлық жаңалықтар