Ақмола облысының әр гектарынан 10 центнерден құрғақ шөп алынды

17 Шілде, 2015 20:46
Сандықтау ауданының алқаптарында шөп басу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

«Мустанг» және «Милена» шаруа қожалықтарында аз уақыттың ішінде шөп жиналатын болады.  200 гектар шөп егілген аумақта шөп жинау жұмыстары жүріп жатыр. Шаруалар биыл шөпті жоспардағыдан көп жинауды көздеп отыр.

Айта кетейік, әрбір гектардан 10 центнер құрғаз шөп алынды. Шөп жинаушы бригада қажетті заманға сай техникалармен жабдықталған. Оларда шөп орғыш механика мен тракторлардың түр-түрі, оны нығыздаушы техника да бар. Орылған шөп бірден құрғатылуда. Түктелген шөп Белгородское ауылына жөнелтілуде. Шөпті түктеу дәстүрлі шөп жинаудан әлдеқайда тиімді әрі үнемді. Біріншіден, дайындалатын өнімге аз техника қажет болады және жиналған өнімді өзінің қасиеттерін жоғалтпастан бірнеше жыл сақтауға болады.   

 

Барлық жаңалықтар