• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ж. Бөкенбаев: ДСҰ-ға ену – Қазақстан экономикасын дамытудың басты қадамы (Видео)

Ж. Бөкенбаев: ДСҰ-ға ену – Қазақстан экономикасын дамытудың басты қадамы (Видео)

18 Шілде, 2015 12:04
Қазақстанның Дүниежүзідік сауда ұйымына кіруі – республика экономикасын дамытудың басты қадамы, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ҚР ИДМ «Электр энергиясы мен энергия тиімділетуді дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Жақып Бөкенбаев.

«ДСҰ-ға ену Қазақстан экономикасының дамуының басты қадамы деп есептеймін. Инвестиция тартумен қатар бірқатар қиындықтар бар әрине, алайда Үкімет нақты жоспар құрастырды. Олар біздің кәсіпкерлер әлемдік нарыққа шығуы үшін барлық жағдайды жасады. Көптеген тетіктер бар, олардың бірі – энергия тиімдеу, кәсіпорындарды жаңғырту, инвестиция тарту», - деді Ж.Бөкенбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан ДСҰ нарыұтарында тау-металлургиялық сала мен электр энергетикасы саласында бәсекелестік таныта алады.

«Біздің экономиканың энергия сиымдылығының түсуі жаһандық нарықта бәсекелестік жасаудың мүмкіндігі. Бұл тау-кен металлургия саласы мен электр энергиясына байланысты. Тағы бір маңызды сұрақ – инфрақұрылымды дамыту, ТКШ, оларды дамытудың үлкен әлеуеті бар», - деді ол.

Айта кетейік, ДСҰ-ға ену келіссөздері 19 жылға созылды. Қазқастан 1996 жылдың 29 қаңтарында өтініш берген.

Анар  Тәңірұлова

Барлық жаңалықтар