- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында Ұлттық тағам құртқа - халықаралық деңгейде патент алынды
Жамбыл облысында Ұлттық тағам құртқа - халықаралық деңгейде патент алынды
«Меркі» сыр зауыты» халықаралық авторлық құқық алды. Енді сүт өнімдерін шығаратын зауыт құртқа түрлі жеміс шырындарын қосып нарыққа шығаруды көздеп отыр, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – құрт. Осы сүт өніміне «Меркі» сыр зауыты» халықаралық авторлық құқық алды. Ұжымға патент алу оңай соқпаған. Енді сүт өнімдерін шығаратын зауыт құртқа түрлі жеміс шырындарын қосып нарыққа шығаруды көздеп отыр», - деп хабарламада нақтыланған.
Меркі ірімшік зауыты құртқа патент алу үшін жарты жылдай зерттеулер жүргізіпті. Лактозалық цехты іске қосудың нәтижесінде сары судан қою тұнба алынған. Лаборанттар альбуминдік тұнба деп атайтын заттан жаңаша, дәмі тамаша құрт алыныпты.
Меркідегі зауыттың 80 жылға жуық тарихы бар. Отыздан аса сүт өнімдерін шығаруда. Құртқа патент алған ұжым оған жеміс шырындарын қосу арқылы дәмін түрлендірмек.
Сонымен қатар, 15-ке тарта ірімшік түрін өндіріп отырған зауыт нарықта отандық өнімнің үлесін арттыруды көздейді. Халықаралық деңгейде патент алған қазақ құртын да әлемдік нарықта брендке айналдыру жоспарда бар.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы