• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында жылыту маусымына қарата 22,6 км жылу желісі жөндеуден өтті

Ақмола облысында жылыту маусымына қарата 22,6 км жылу желісі жөндеуден өтті

17 Шілде, 2015 19:27
Ақмола облысында жылыту маусымына қарата 22,6 км жылу, 110 км сумен қамтамасыз ету және су бөлу желістері жөндеуден өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Александр Мартыненконың сөзінше, 10-шілдедегі жағдай бойынша, облыста 499 қазандық, 564 білім беру нысаны, 869 тұрғын үй мен 467 денсаулық сақтау нысаны дайындалған. Маусымға қажетті 48,5 тонна көмір мен 1,1 тонна мазут жеткізілген.

Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында 2015 жылы 5,6 млрд теңгенің 12 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Бірінші жартыжылдықта жоспарланған 1,9 млрд теңгенің 1,8 млрд теңгесі немесе  93 пайызы игерілген.   

Аймақтағы қазақдықтардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары әкімдіктің бақылауында.  

 

Барлық жаңалықтар