• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда ҚазҰЖҒА ғалымдарының Қазақстан индустриясын дамыту туралы үздік жобалары таныстырылды (ФОТО)

Алматыда ҚазҰЖҒА ғалымдарының Қазақстан индустриясын дамыту туралы үздік жобалары таныстырылды (ФОТО)

17 Шілде, 2015 17:06
Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясында «Білім және ғылым саласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша міндеттер» тақырыбында кеңейтілген жалпы жиналысы болды, деп хабарлады ҚР БҒМ.

Жиналыс  ҚазҰЖҒА президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик Н.Әбіқаевтың төрағалымен өтеді. Мәжіліске ҚР  Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы А.Бижанов, Мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хаб комитет басшысы А.Байменов, ЖОО ректорлары,  ҒЗИ жетекшілері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар қатысады.

Іс-шара «Алматы қаласының ресурс үнемдеу саласында инновациялық кластер» ғылыми жетістіктер көрмесін қараудан басталады, онда Қазақстан индустриясын дамыту үшін енгізуге ұсынылған ҚазҰЖҒА ғалымдарының серпінді секіріс жобалары көрсетіледі.

Кеңейтілген жалпы жиналыс Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» және жаңа тарихи жағдайларда Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі Ұлт жоспарын орындау бойынша Мемлекет Басшысының қойған міндеттерін шешуге бағытталған білім және ғылым саласындағы міндеттерді талқылаудан басталады.

Мәжілісте Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және заңдық қамтамасыз ету бойынша институционалдық реформалар мәселелері қаралады, сондай-ақ Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған ҚазҰЖҒА ғалымдарының болашақ зерттеулер мен әзірлемелерін зерттейді. Аудитория назарына Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және дамытуды қоса Алматы қаласын инновациялық дамыту бойынша жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметі туралы ақпарат ұсынылады.

 

Барлық жаңалықтар