• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлер қайта жөнделеді

Ақмола облысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлер қайта жөнделеді

17 Шілде, 2015 18:07
Жарқайың ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 75 пәтерлік 5-ші үйдің қайта жөнделуі жүруде, деп хабарлады Ақмола облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Айта кетерлігі, енгізіліп отырған тұрғын үйдің жалпы аумағы 3 400 шаршы метр. Баспана Калачи және Красногорск елді мекендерінен көшіп келген тұрғындарға бағытталған.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз хатшысы  Гүлжан Байгизова айтып өткендей, тұрғын үйдің қайта жөнделуіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша қаржы бөлу қарастырылған. Нысанды осы жылдың соңында тапсыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, 5-ші және 6-шы 75-пәтерлік тұрғын үйлердің қарауы жүзеге асты.

 

 

 

Барлық жаңалықтар