Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы құрылды

17 Шілде, 2015 15:34
Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағы құрылды. Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының бірінші мәжілісі өтті.

«Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының басты мақсаты жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындармен, кәсіби мамандарды даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындарымен байланыс орнату. Одақ экономикалық кеңістіктегі жалғыз орган болуға ұмтылуы керек. Біздіңше, одақ қызметі заңнамалық бағдарлама органдарында мүдделерін қорғайтын болады. Бізге жүйелі көзқарас қажет, мемлекетке әр кәсіпорынмен жеке жұмыс істеу тиімсіз, ал біріге отырып, біз өзіміздің ортақ пікірімізді білдіре аламыз»,-деді Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының басшысы Сәуле Шәуенова.      

Оның сөзінше, біздің елімізде жұмыс істеп жатқан нақты тетіктер мен бағдарламалар бар, бұл бағдарламалардың өнім өндірушілер тарапынан пайдаланылуы да маңызды.

«Бүгін одақтың бірінші мәжілісі өтеді, бастамашы компаниялар ұсынып отырған активтердің саны 13, жалпы алғанда, ұйымға Қазақстанның барлық өңірлерінені жеңіл өнеркәсіп саласындағы 50-60 компания кіреді»,-деп қосты ол. 

Бірінші мәжіліске Астана, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Жезқазған, Семей, Шымкент, Абай қалаларынан жеңіл өнеркәсіппен айналысатын 10-нан астам компанияның өкілдері қатысты.  

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар