- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 17 км магистральді және бөлгіш құбырлары қайта жасалады
Алматыда 17 км магистральді және бөлгіш құбырлары қайта жасалады
«Энерго кәсіпорындар басшыларының хабарламасы бойынша күзгі-қысқы маусым алдында барлық бағыттар бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүруде.Қазіргі кезде қазандықтар қысқы маусымға 40%, инженерлік желілер 45%, тұрғын үйлер 33%, білім объектілері 54%, денсаулық сақтау 61% дайын», - делінген хабарламада.
Дайындық маусымы барысында 71 энергоблок, 72 қазандық жөндеуден өтеді.
Ескі құбырлардың жарамдылығы да тексеріледі, гидравликалық және температуралық сынақ кезінде құбырлардың 1078 ақау табылды, оның 95% қалпына келтірілді.
Алматы жылу жүйесінің ескіргендігі 64% құрайды. 2008-2014 жылдар аралығында 120 км. Жылу магистралі жөнделді, оған 47 млрд. теңге жұмсалды, бұл апатты 20% азайтты.
Қала әкімінің орынбасары білім және денсаулық сақтау және әлеуметтік мекемелер орналасқан объектілердің дер кезінде дайын болуын қадап айтты және аталған мекемелер басшыларының назарын осы мәселеге аударды.
Штабтың отырысында көпқабатты үйлерге ортақ есептеу құралдарын орнату мәселесі де сөз болды. Бұл іс биылғы жылдың аяғына дейін аяқталуы тиіс.
Аудан әкімдеріне, Тұрғын үй басқармасы мен тұрғын үй инспекциясына көпқабатты үйлерге автоматтандырылған жылу пункттерін (АЖП) орнату тапсырылды, ол жылу энергиясы мен тұтынушылар қаржысын едәуір үнемдейді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар