• Главная
  • Жыл басынан бері СҚО-да 17 баланы асырап алу туралы азаматтық хал актісі тіркелді
17 июля, 2015 19:12

Жыл басынан бері СҚО-да 17 баланы асырап алу туралы азаматтық хал актісі тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерді тіркеу және апостилдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімі «Бала (қыз) асырап алу тәртібі» тақырыбына «Ашық есік күнін» өткізді, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігі.
Жыл басынан бері СҚО-да  17 баланы асырап алу туралы азаматтық хал актісі тіркелді

Іс-шара барысында барлық жүгінген азаматтар бала (қыз) асырап алу мәселесі бойынша білікті заң көмегін алды. Азаматтарға бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу негізі, қажетті құжаттар топтамасы түсіндірілді. Ең көп қойылатын сұрақтар, бала асырап алудан кейін тегін, әкесінің атын иемдеуге, жаңа ЖСН тағайындау мүмкіндігіне, сонымен қатар тек бала асырап алушымен ғана бала (қыз) асырап алуды тіркеу тәртібіне қатысты болды.

2015 жылдың басынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен 17 бала (қыз) асырап алу туралы азаматтық хал актісі тіркелгенін, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16 акт жазбасына кем. 2015 жылы шетел азаматтарымен бала (қыз) асырап алудың 1 тіркеуі, ал 2014 жылы – 6 тіркеу жүргізілді.