ҚТЖ-ның директорлар құрамы өзгерді

17 Шілде, 2015 18:39
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқармасының құрамы өзгерді, деп хабарлайды ortcom.kz баспасөз қызметі.

Бекітілген мерзімнің өтуіне байланысты «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры басқармасының шешімімен «ҚТЖ» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі түгелдей тағы бір жылға қайта сайланды.  

«Самұрық-Қазына» қорының активтерді басқару жөніндегі Бас директоры Нұржан Байдәулетов жалғыз акционердің мүддесін қорғаушы ретінде Директорлар кеңесін басқаратын болды. Оның құрамына тағы да осы жалғыз акционердің мүддесін қорғаушы Ерік Балапанов пен Адамас Илькявичус кірді.    

Асқар Мамин «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымында қалды. Дрю Джереми, Кун Кристиан, Тито Сыздықов пен Шомоди Кальман бұрынғысынша компанияның тәуелсіз директорлар лауазымын атқаратын болады.     

 

 

Барлық жаңалықтар