ҚазАгро-ның инвестициялық портфелінде 318,9 млрд теңгенің 517 жобасы бар

18 Шілде, 2015 11:03
«ҚазАгро» АҚ-ның инвестициялық портфелінде 318,9 млрд теңгенің 517 жобасы бар, деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қысметі.

Хабарланғандай, осылардың барлығының жалпы құны 228 млрд. теңгенің 392 инвестициялық жобасы 12 мың жұмыс орнын құру арқылы қаржыландырылды және пайдалануға берілді Ағымдағы жылы жалпы құны 7,1 млрд.теңгенің 32 инвестициялық жобасы шамамен 800 жұмыс орнын құру арқылы іске қосылды.

Жобалардың ең көп саны Ақмола (78), Алматы (69), Солтүстік-Қазақстан облыстарында  (53), ең азы -  Маңғыстау (3) және Қызылорда облыстарында (10) іске асырылды.

Құс фабрикалары: құны 41,5 млрд. теңгенің 26 жобасы мақұлданды, өндірісінің жиынтық қуаты жұмыртқа бойынша жылына  993,8 млн. дана, құс еті бойынша жылына 84,5 мың тонна, өндірістің осындай көлемі құс етінің импортын 47,6%-ға төмендетуге ықпал етеді.Соның ішінде бүгінгі күнгі жағдайда  құны 29,6 млрд.теңгенің 20 жобасы іске қосылды.

Сүт-тауарлы фермалар: құны 37,79 млрд. теңгенің 35 жобасы мақұлданды, өндірісінің жиынтық қуаты жылына 159,6 мың тонна сүт және сүт өнімдерін шығарады,өндірістің бұл көлемі сүт өнімдерінің импортын 18,3%-ға төмендетуге ықпал етеді.          Соның ішінде бүгінгі күні құны 34,18 млрд. теңгенің 27 жобасы іске қосылды.

Көкөніс қоймалары: құны 17,58  млрд. теңгенің 45 жобасы мақұлданды, біржолғы сақтау сыйымдылығының жиынтық қуаты  190,4 мың тонна,қоймаларды іске қосу сақтау қуатының жетіспеушілігін 42,7%-ға төмендетуге ықпал етеді. Соның ішінде бүгінгі күні құны 11,2 млрд. теңгенің 28 жобасы іске қосылды.

Жылыжайлар: құны 48,80 млрд. теңгенің 43 жобасы мақұлданды,  өндірісінің жиынтық қуаты жылына  жылына 63,8 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін өндіреді, алаңы  152,4 га,өндірістің аталған көлемі жеміс-көкөніс өнімдерінің маусым аралық жетіспеушілігін 63,6%-ға төмендетуге ықпал етеді. Соның ішінде бүгінгі күні құны                   26,0 млрд. теңгенің 29 жобасы іске қосылды.

Суару жүйелерін қолдану арқылы өнімдердің өндірісі: құны 20,72 млрд. теңгенің 68 жобасы мақұлданды, жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінің жиынтық қуаты жылына                        239,6 мың тонна. Соның ішінде бүгінгі күні құны 12,83 млрд. теңгенің 48 жобасы іске қосылды.

Жемшөп өндірісін дамыту: құны 7,32 млрд. теңгенің 36 жобасы мақұлданды,  жылына 68,7 мың тонна қоспа жем және 211,8 мың тонна азық шығару қуатымен.  Соның ішінде бүгінгі күні құны 5,89 млрд. теңгенің 31 жобасы іске қосылды.

Астық қоймасы: құны 23,99 млрд. теңгенің 46 жобасы мақұлданды, бір жолғы сақтау қуаты 880,8 мың тонна.Соның ішінде бүгінгі күнгі жағдайда құны 10,6 млрд.теңгенің 28 жобасы іске қосылды.

Қазақстан астығының экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны қайта өңдеу: құны 18,53  млрд. теңгенің 27 жобасы мақұлданды, жылына 3,15 млн. тонна астықты аударып тиеу қуатымен,  жылына 277,6 мың тоннаға дейінгі көлемде астықтың қайта өңделген өнімінің өндірісі. Соның ішінде қазіргі күні құны 17,63 млрд. теңгенің 26 жобасы іске қосылды.

Бордақылау алаңдары: құны 20,25 млрд. теңгенің 18 жобасы мақұлданды, 51,9 мың ІҚМ бордақылау орны бар. Соның ішінде бүгінгі күні құны 11,08 млрд. теңгенің 8 жобасы іске қосылды.

Шаруашылық-репродукторлар: құны 45,36 млрд. теңгенің 101 жобасы мақұлданды,  64,5 мың ІҚМ басына арналған. Соның ішінде қазіргі күні құны  43,78 млрд. теңгенің 95 жобасы іске қосылды.

Етті қайта өңдеу өндірісінің, мал сою цехтарының желілерін құру: құны  11,27 млрд. теңгенің 26 жобасы мақұлданды, ет пен ет өнімдерінің жиынтық өндірістік қуаты жылына 41,3 мың тонна. Соның ішінде қазіргі күні құны 7,13 млрд. теңгенің 18 жобасы іске қосылды.

Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (жүнді, балықты, күрішті, былғарыны, көкөністі, күнбағысты өңдеу, балық өсіру):құны 16,11 млрд. теңгенің 26 жобасы мақұлданды, оның құны  12,62 млрд. теңгенің 20 жобасы іске қосылды.

Сүтті қайта өңдеу: құны 1,93 млрд. теңгенің 6 жобасы мақұлданды,  сүт өнімдерінің өндірісінің жиынтық қуаты 24,1 мың тонна.  Соның ішінде қазіргі күні құны 0,49 млрд.теңгенің 4 жобасы іске қосылды.

Басқа бағыттар (құбырлар, целлюлозалар, емдік шөптердің өндірісі, мақтаны қайта өңдеу, демалыс үйлерін, кафелер, дүкен, фотоэлектрлік модуль мен жел қуатын генераторлар): құны  3,43 млрд. теңгенің 10 жобасы мақұлданды, оның ішінде құны 1,25 млрд.теңгенің 7 жобасы іске қосылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар