«ҚазАгро» инвестициялық жобасы 7000-шы "Беларус" тракторын шығарды

17 Шілде, 2015 14:47
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен қаржыландырылған Қазақстандағы ауылшаруашылық техникаларының өндірісі бойынша инвестициялық жоба кезекті шегіне шықты. «ҚазАгро» холдингі желісі бойынша қолдау көрсетіліп 1,3 млрд.теңге инвестицияланған «СемАЗ» машина жасау зауыты «Беларус» тракторының 7 000-шы санын шығарды. Кәсіпорында 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлады акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.

«СемАЗ» ЖШС тракторлар өндірісінің тарихы 2009 жылы Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жөніндегі конкурстан басталған, оны «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ өткізген болатын.  Семейдің машина жасаушыларынан түскен өтінімге кейіннен 3000 бірлікке дейінгі  техниканың өндірісімен  жылына 1000 тракторды құрастыру өндірісі енгізілген. Жаңа өндіріс инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жеңілдікті шарттармен  қаржыландырылды - 6 %-бен 8 жылға дейінгі қаржыландыру мерзімімен және төлемнің мерзімін бір жылға ұзарту арқылы.

Өндіріс тракторлардың үш моделін құрастырудан басталды  - "Беларус 80.1", "Беларус 82.1" және "Беларус 1221.1". Бұл техниканы таңдау кездейсрқтық емес, өйткені сенімділігі, күй талғамайтындығы және функциональдық мүмкіндіктерінің ауқымдылығы жағынан бұл таркторлар бұрыннан ауыл шаруашылығында ғана емес, сондай-ақ коммуналдық шаруашылықтарда да кеңінен таралған.  Түрлі аграрлық шараларды жүргізуден басқа, олар көшелерді, жолдарды және жаяу жүргінші жолдарын тазарту үшін, топырақты үймелеу және олармен траншеялар мен шұңқырларды көміп тастау кезінде де аса ыңғайлы.

 Бүгінгі таңда кәсіпорын 9 трактор моделін шығаруды меңгерді, оның ішіндегі ең жетілдірілгені  "Беларус 3522" болып табылады. Зауыттың техникалық сипаттамасына сәйкес, ол ауылшаруашылығында аса көп энергияны қажет ететін   жұмыстарды орындауға арналған, соның ішінде дәнді және басқа дақылдарды егу, жемшөп азықтарын дайындау, тамыр жемістерін жинау кезінде, сондай-ақ жүк тасымалдамен байланысты жұмыстарды орындауға бейімделген. Зауытта атап өтілгендей, барлық «Беларус» техникасы клиентитің тілегі бойынша қазақстандық кәсіпорындармен шығарылған аспалы жабдықтардың кеңейтілген спектрімен жабдықталады. 

«ҚазАгро» холдингі өндірісті қаржыландырумен ғана шектелмейтінін атап өту қажет. Ұлттық холдинг бүгінде зауытқа шығарылған техникаларын өткізу кезінде де тиімді көмегін көрсетеді  «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизинг бағдарламаларының арқасында кәсіпорын республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарына барлық құрастырылған тракторлардың жартысынан көбін жөнелтеді. 

«СемАЗ»  ЖШС директоры Асемқан Дусқожановтың айтуы бойынша, тек «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық бағдарламасының арқасында зауыт өндірісті жүргізіп және өнімдерін тоқтаусыз өткізуді жолға қойды, және де тіпті дағдарыс кезеңінде де құрастыру процессін үзген жоқ. Бұдан басқа, кәсіпорынның басшысының айтуынша, бастау мәресінде де Ұлттық холдингпен еңқолайлы қаржыландыру шарттары ұсынылды, ал сол кезде басқа қаржы құрылымдары жаңа өндірісті қолдаудан бас тартты немесе көтере алмайтындай талаптар ұсынған. 

Тракторлардан басқа, "СемАЗ" ЖШС автобустар мен жүк автокөліктерін  шығару өндірісін жолға қойды.  Құрастыру, дәнекерлеу және бояу жұмыстарынан тұратын толық цикл принципі бойынша зауыттың технологиялық желілерінде  "Daewoo" автобустары шығарылады, ал 2013 жылдан бастап семейдің машина құрастырушылары 25 тоннаға дейінгі жүкті көтере алатын  - Урал" және "SHACMAN" автокөліктерін шығара бастады. 

Тракторлар құрастыру өндірісі – «ҚазАгро» холдингі қызметіндегі 14 инвестициялық бағыттың біреуі ғана.  Осы уақытта Холдингтің инвестициялық қоржынында жалпы құны 318,9 млрд. теңгенің  517 жобасы бар және пайдалану кезеңінде 16 мың жұмыс орны құрылады. Осылардың барлығының жалпы құны 228 млрд. теңгенің 392 инвестициялық жобасы 12 мың жұмыс орнын құру арқылы қаржыландырылды және пайдалануға берілді Ағымдағы жылы жалпы құны 7,1 млрд.теңгенің 32 инвестициялық жобасы шамамен 800 жұмыс орнын құру арқылы іске қосылды.

Жобалардың ең көп саны Ақмола (78), Алматы (69), Солтүстік-Қазақстан облыстарында  (53), ең азы -  Маңғыстау (3) және Қызылорда облыстарында (10) іске асырылды.

Барлық жаңалықтар