- Басты
- АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ашты
АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа мүмкіндіктерін ашты

АҚШ федералды заңнамалық органдарының, Вашингтон іскер орталары мен сараптама қауымдастықтарының 100-ден аса өкілдері жиналған іс-шарада Еуропа және Еуразия жөнідегі Өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің Еуропа және Еуразия жөніндегі кіші комитетінің төрағасы, конгрессмен Дэйн Рорабакер, осы кіші комитеттің тең төрағасы, конгрессмен Грегори Микс, АҚШ Сауда министрі көмекшісінің атқарушы орынбасары М. Лалли, Халықаралық сауда және инвестиция орталығының президенті Дэниел Витт, «Boeing» компаниясының халықаралық операциялар жөніндегі директоры Брайан Лопп, «GE Transportation» компаниясының үкіметпен байланыс жөніндегі атқарушы директоры Д. О’Браин, «Trevian» компаниясының директоры Дж. Стадл және «Хадсон институтының» Әскери-саяси талдау орталығының директоры Ричард Вайц сөз сөйледі.
Америкалық заңнамашылар өңірде Қазақстанның көшбасшылық рөлін, сонымен қатар, біздің мемлекетпен жүзеге асырылатын бастамалардың халықаралық танымдарын атап өтті. Конгрессмен Д. Рорабакер еліміздің геосаяси маңыздылығын және оның ірі экономикалық әлеуетін баса көрсетті, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық келісімнің бірегей моделін жоғары бағалады.
Өз кезегінде, конгрессмен Г. Микс, Астанада «ЭКСПО-2017» өткізілуі халықаралық аренада еліміздің белсенді ұстанымын көрсетеді және АҚШ Үкіметі мен азаматтарын көрмеге қатысуға шақырып, визалық режимді ырықтандыру бұған барлық мүмкіндіктерді ашатынын атап өтті. Қазақстанның ДСҰ-на қосылуын кұптай отырып, ол әлі күнге дейін бұрынғы Совет одағы кеңістігіндегі бірқатар елдеріне қатысты қолданылатын «Джексон-Вениктің» ескірген өзгертулерін тез арада алып тастау қолдауға ой білдірді.
М. Лалли өз баяндамасында ҚР-дың әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына енуі жөніндегі елдің басшылығының күш-жігерін атап өтті. Осы тұрғыда, АҚШ Сауда министрлігінің өкілі сауданы кеңейту және Қазақстанның экономикасын әртараптандыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатын екі елдің іскер орталарының қатысуымен ү.ж. маусымда Астана қаласында табысты өткізілген бизнес форумға назар аударды.
АҚШ-тан тәуелсіз бақылаушы ретінде Президент сайлауына үшінші рет қатыскан Халықаралық сауда және инвестиция орталығының президенті және іс-шараның модераторы Д. Витт өткен сайлауға және Қазақстанның жеткен жетістігіне жоғары бағасын берді. ҚР Үкіметімен жүзеге асырылатын «Қазақстан-2050» стратегиясына» және бес институционалдық реформаның, сондай-ақ Президент Нұрсултан Назарбаевпен жарияланған «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламаларының маңыздылығын атап өтті.
Жалпы, қатысушылардың пікірлерінше іс-шара АҚШ сарапшы және іскер орталарының Қазақстанға, оның жетістіктері мен ұзақ мерзімді даму жоспарларына жоғары қызығушылықтарын көрсетті.
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Жаңа экологиялық кодекстің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту

