- Басты
- Жаңалықтар
- З.Оразғалиева: ҚР-да балалардың құқығы мен қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін заңнамалық база құрылды
З.Оразғалиева: ҚР-да балалардың құқығы мен қызығушылықтарын қамтамасыз ету үшін заңнамалық база құрылды
«Елімізде 5 миллионнан астам бала өмір сүруде, және де оның әр біреуі өз өмірінің қорғалуына, ар-намысына тиіспеушілікке, әлеуметтік ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғануға, денсаулығын сақтауға, рухани-адамгершілік дамуына құқығы бар», - деді Забира Оразғалиева.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажетті институциялық және заңнамалық база құрылды.
Ведомствоаралық комиссия баланың құқығын қорғау үшін жағдай жасау, балаларды әлеуметтік қолдау және жағдайын жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру міндеттерін үйлестіреді, ол 10 профильді министрліктермен, барлық деңгейдегі әкімдіктермен (облыстық, қалалықтан аудандыққа дейін) қамтамасыз етіледі.
«Ведомствоаралық комиссия бала құқықтарын қорғау үшін жағдай жасау міндеттерін үйлестіреді, 10 бейінді министрлік, барлық деңгейдегі әкімдіктер (облыстық,қалалық, аудандық) қамтамасыз ететін балалар жағдайын жақсарту және әлеуметтәк қолдау бойынша шараларды жүзеге асырады», - деді З.Оразғалиева.
Республиканың өңірлерінде дағдарыс орталықтары, барлық санаттағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын арнайы бөлімдер жұмыс жасайды. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде сенім телефоны, тәулік бойы ақысыз ұлттық желі «150», өңірлерде 160-тан астам сенім телефоны, мемлекеттік органдардың сенім телефоны, басшылардың блогтары, барлық өңірлерде қоғамдық қабылдау бөлімдері жұмыс жасайды.
«Барлық білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, балалар үйлерінде «сенім жәшігі» орнатылған.Мектептерде балалардың қауіпсіздігін 2 074 мектептік полиция инспекторлары қамтамсыз етуде. 2 377 мектепте бейне бақылау камералары орнатылған», - деді ол.
Бүгінгі таңда республикада білім беру ұйымдарында 9 084 психолог және 4 346 әлеуметтік педагогтар жұмыс жасайды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды