• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ТҮКШ саласындағы табиғи монополиялар саласының инвестициялық бағдарламаларын дайындау мәселесі талқылануда

Астанада ТҮКШ саласындағы табиғи монополиялар саласының инвестициялық бағдарламаларын дайындау мәселесі талқылануда

17 Шілде, 2015 12:07
Астанада «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы табиғи монополиялар саласының ұзақмерзімді, сапалы, тиімді инвестициялық бағдарламаларын дайындау» атты және «Нұрлы жол» бағдарламасы мен халықаралық қаржы институттарының қаржыларын тарту мәселесіне арналған семинар өтті.

«Заң табиғи монополиялар субъектілері қызметі бойынша әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған, сонымен қатар құжат инвестициялық бағдарламалар мен табиғи монополиялардың өзге де міндеттемелеріне бақылауды күшейтеді, тарифқалыптастырудың ашықтығы артады, көп мәселелер бәсекелестікті дамытудан туындаған. Ал әкімшілік кедергілерді жою бойынша қандай шаралар қолға алынуда?. Шағын субъектілердің тізімі ұлғаюда, олар жыл сайын хабарландырып, тұтынушылар бағасы индексінің негізінде тарифтерді көтеріп отырулары керек. Бүгінде сумен қамтамасыз ету мен су бөлу салаларында 150 мың текше метрден 500 мың текше мертге дейін көтерілді. Бұл шағын қалалар мен облыстық маңыздағы қалалар үшін өте маңызды. Субъектілерге тариф жоспарына енгізіліп, үнемдеудің, жаңа технологияларды енгізу сияқты өзге де шаралардың нәтижесінде қолданылмай қалған шығындардың тағдырын өздеріне шешуге мүмкіндік жасалған»,-деді Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин семинар барысында.   

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 5-мамырында Елбасы Нұрслтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Жаңа өзгерістер биылғы жылдың 17-мамырында күшіне енді.

Өзгерістердің бірқатары коммуналдық саладағы жағдайды нақты реттейді және ол осы саладағы кемшіліктерді жою, табиғи монополия субъектілерінің тиімсіздігін жою, тұрғындардың осы саладағы сапа мәселесіне деген сұраныстарын қанағаттандыруды көздейді.  

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар