• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әлеуметтік-экономикалық салада 314 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді - Бас прокуратура

Әлеуметтік-экономикалық салада 314 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді - Бас прокуратура

17 Шілде, 2015 12:53
ҚР Бас прокуратурасында заңдылықтың жағдайы мен прокурорлық қадағалау тәжірибесі жан-жақты талданып, шешімін күткен проблемалық мәселелер көтеріліп, болашақ перспективалар мен басым бағыттар нақтыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Хабарламадан мәлім болғанындай, республикада сотқа дейінгі қылмыстарды тіркеу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 25,9 пайызға артты. Жағдайдың бұлайша сипат алуы елде қылмыстық әрекеттердің көбюінен емес, қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеу жүйесінің өзгеруіне байланысты болып отыр. Осылайша, аса ауыр емес қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 109,2 пайыз болды, ауыр қылмыстар 11,4 пайызға артып, өте ауыр қылмыстар 8,5 пайызға көбейген. Орташа ауыр қылмыстық құқықбұзушылықтар небәрі 2,6 пайызға төмендеген.  Бұл ретте аса ауыр қылмыстардың ашылуы 20,6 пайызға, ауыр қылмыстардікі 13 пайызға көбейгендігін айта кету керек.   

Көшеде жасалатын қылмыстар бойынша құзырлы органдар тарапынан жүйелі шаралар қолданылып, соның нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар 5 пайызға, тонау 9,9 пайызға, қарақшылық әрекеттер 3 пайызға азайды. Заң және құқық қорғау органының қызметкерлері әлеуметтік жағынан аз қамтылған, кәсіпкер азаматтардың құқықтарын қорғауды да қамтамасыз етуде. Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 245 заң бұзу әрекеттерін анықтап, олар бойынша тиісті шаралар қолданған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 11 мың қаулының, 12 мың заңсыз акті мен 172 нормативті актілердің күші жойылды. Түрлі деңгейдегі жауапқа  35 мың кінәлі азаматтар тартылып, 457 қылмыстық іс бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталды.      

Әлеуметік-экономикалық сала бойынша, 314 мың азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, 228 кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалды. Прокурорлар тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, азаматтардың еңбекақы төлеудегі құқықтарын қорғау жұмыстары белсенді жүргізілді. Жыл басынан бері жұмысшыларға 4 млрд теңге жалақы қарыздары берілген. 142 кәсіпорында жалақы бойынша қарыздар толықтай жойылды. Жалып алғанда, 59 мың еңбеккердің құқықтары қорғалды. 

Пайдаланылмаған жерлерді мемлекет иелігіне қайтару шаралары да жалғасып, арнайы шаралардың арқасында 608 жер телімі, кадастрлық бағасы 17 млрд теңге болатын 540 мың гектар жер мемлекетке кері қайтарылды.   

 

Барлық жаңалықтар