- Басты
- Жаңалықтар
- Арал теңізін сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталады
Арал теңізін сақтап қалу жобасының екінші кезеңі басталады
Елбасы бастамасымен жүзеге асқан «ғасыр жобасының» келесі сатысы кіші теңізді кемеріне келтіреді деп күтілуде. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасы шеңберінде салынған көкарал бөгесіні 2006 жылы аяқталды. 13 шақырымдық тоспа кіші теңізді «өлі теңізден» бөліп алды.
«Осылайша судың деңгейі көтеріліп, тұздылығы төмендеп, балық өрісі жанданды. Енді ел сенімін еселеген «САРАТС» жобасының 2-кезеңі басталатын күн жақын. Оның аясында теңіз тоспасының деңгейін тағы көтеріп, кіші теңіздегі су маржандарының тіршілігіне қолайлы жағдай жасау – басты меже. «САРАТС» жобасының екінші фазасы 8 құрамдас бөліктен тұрады. Бірінші кезекте алғашқы алты сатысын еңсеру көзделген», - делінген хабарламада.
Олардың қатарында Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін мықтап, Қазалы ауданынан көпір салу жоспарланған. Сондай-ақ Қамыстыбас және Ақшатау көл жүйелерін қалпына келтіру секілді маңызды мәселелер де шешімін табады. «САРАТС-2» жобасы іске асқанда, кіші Арал акваториясы 4645 шаршы метрді құрайды. 63 мың гектар жер суланады. 250 мың гектар жайылымдық, шабындық суланады. Теңіз толысып қана қоймай кенезесі кепкен кебір жерлер нәрленеді. Жайылымдық пен шабындық суланып, аграрлық секторға да серпін береді.
«Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда, кіші Арал теңізі Арал қаласына 1 шақырымға жақындап, жылына 30 мың тоннаға дейін балық аулап, мыңдаған тұрғын қосымша жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Осы жылдың аяғына дейін ол шешім қабылданып, 2-фазаның құрылысына кірісеміз деп ойлаймын. Теңізді бөгеген теңдесіз жобаның әлемде баламасы жоқ. Осы құрылыс арқылы теңіз жағалауы Арал қаласына 18 шақырымға жақындады», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Ал егер «САРАТС» жобасының 2-кезеңі жүзеге асқан жағдайда әйгілі айдын байырғы арнасына толықтай оралады деген болжам бар.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары