• Басты
  • Ақмола облысының мемлекеттік кіріс департаменті үздіктерді күтіп отыр (ФОТО)

Ақмола облысының мемлекеттік кіріс департаменті үздіктерді күтіп отыр (ФОТО)

17 Шілде, 2015 11:52
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық өңірлік басқармаларында жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

Хабарламадан мәлім болғанындай, шара барысында қонақтар департаменттің құрылу тарихы, оның негізгі бағыттары және құрылымымен, мемлекеттік қызметтегі лауазым иесі атанғысы келетін азаматтарға қойылатын басты талаптармен, мемлекеттік кіріс органдарының музейімен танысты, нақтырақ айтқанда онда департамент қызметіне қатысты таныстырушы фильм көрсетіліп, имдждік парақшалар таратылды. 

Сондай-ақ қызығушылық танытқан азаматтар үшін шолушы серуен ұйымдастырылып, оның барысында аталған бөлімшенің жұмысы таныстырылды. Көптеген жастар үлкен қызығушылық танытып, мемлекеттік кіріс органдарында жұмыс істеуге келгілері келетіндіктерін білдірді.

Айта кететін мәселе, департамент өкілдері жоғары оқу орындарымен байланысты жұмыс істеуде, кәсіби, білікті мамандарды мемлекеттік кіріс органдары қызметіне тарту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Барлық жаңалықтар