- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
Елбасы Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
«Барша қазақстандықтарды қасиетті Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам мұсылман қауымы үшін маңызды Рамазан айының аяқталуын білдіреді.
Татулыққа, тыныштыққа, қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін ислам дінінің рухани қасиеті осы Рамазан айында кеңінен көрініс табады.
Осынау мейрамның құрметі үшін барша әлем мұсылмандары нәсіліне, ұлтына қарамастан жақындарына қамқорлық танытып, мүмкіндігінше мұқтаж жандарға материалдық және рухани қолдау көрсетеді.
Қазақстанда түрлі этностар мен діндер өкілдері достық пен келісімнің, жасампаздық пен бірліктің үлгісін көрсетіп келеді.
Бұл құндылықтарды дамыта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мәдени және рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан әрі ықпал етуіміз қажет.
Осынау қасиетті күнде мен баршаңызға рухани келісім, табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.
Қасиетті Ораза айт мерекесі қоғамымыздағы өзара түсіністік пен достықты одан әрі нығайта берсін!», - делінген құттықтауда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады