- Басты
- Жаңалықтар
- Қазғарыш басшысы «Алексей Леонов» медалімен марапатталды
Қазғарыш басшысы «Алексей Леонов» медалімен марапатталды
Аталып өткендей, Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары шеңберінде Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев кеңестік «Союз-19» ғарыш кемесі мен американдық «Аполлон» ғарыш кемесі түйісуінің 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты.
Аталған салтанатты шараға «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының, ғарыш саласындағы ресейлік және шетелдік ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, таяу және алыс елдердің елшілері, Ресей Федерациясы мемлекеттік органдарының бірінші басшылары мен басқа да құрметті қонақтар қатысты, олардың арасында американдық астронавт Томас Стаффорд та болды.
Халықаралық ғарышнама тарихындағы атаулы оқиғаның қарсаңында Т.Мұсабаев Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев бекіткен «Алексей Леонов» күміс медалімен марапатталды.
Қазғарыш төрағасына осы жоғары награданы мерейтойлық медальдің иесі, аты аңызға айналған ғарышкердің өзі табыстады.
Осындай наградалармен кеңес ғарышкерлері Георгий Гречко мен Алексей Елисеевтер де марапатталды.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы «Спутник-V» вакцинасын салдырды -
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
ІІМ басшысы қызметте көзге түскен полицейлерді марапаттады -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай тапсырмалар берді