- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен АҚШ Құрлық әскерлері арасындағы ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан мен АҚШ Құрлық әскерлері арасындағы ынтымақтастықты талқылады
«Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ Құрлық әскерлерінің әскери-техникалық ынтымақтастық және әскери білім саласындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сонымен қатар, Мұрат Мәйкеев пен Эндрю Берриер Орталық Азия аймағындағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін де қарастырды», - деп хабарламада нақтыланған.
Бас қолбасшы НАТО, оның ішінде, АҚШ Қарулы Күштерінде кеңінен қолданылатын жауынгерлік дайындықтың жаңа жүйесі – нұсқаушылар жүйесі Құрлық әскерлерінде сәтті қолданылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Мұрат Майкеев полковник Эндрию Берриерге ҚР Қарулы Күштерінде жүргізіліп жатқан реформалар, кәсби әскерге көшу туралы айтып берді.
« Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштері жасақтаудың келісімшарт бойынша түріне өтуге дайын. Құрлық әскерлері қазіргі заманғы қару-жарақпен қамтамасыз етілген, жеке құрамның кәсіби дайындығы жоғары деңгейде. Осының бәрі кәсіби әскерге көшудің алғышарттары. Ең бастысы, біз ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының саны жағынан аз, кәсіби және қорғаныс қабілеті мықты әскер құру туралы талабын орындаудамыз», - деді генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев.
Өз кезегінде полковник Эндрю Берриер жуырда ғана Ресей Федерациясының аумағында өткен «Мызғымас бауырластық-2013» бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысқан «Қазбриг» жеке құрамының жоғары кәсібилігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция