ҚР Қорғаныс-өндірістік кешені Ресейге өнім жеткізуді жоспарлауда

17 Шілде, 2015 10:18
Қазақстан мен Ресей әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша кезекті отырыс өткізді. Екі жақ бірлесіп қару-жарақ жеткізу, сондай-ақ ұлттық қорғаныс-өндірістік кешендерді дамыту ауқымындағы ынтымақтастық мәселелерін қарады, деп салалық ведомстводан хабарлады. .

Екі ел өкілдері қазіргі заманғы «Семей инжиниринг» АҚ,«Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ, «С.М.Киров атындағы көлік өндіру зауыты» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инижиниринг» ЖШС, «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС сияқты қазақстандық зауыттардың өнімдерін, оның ішінде,брондытанк техникасы, атқыш қару-жарақтар, авиациялық мақсаттағы құралдар, сонымен бірге жылу сақтағыш құрылғылар, дәлдеп көздеуге арналған линзалар, түнде көруге арналған құрылғылар, автоматтандырылған басқару құрылғыларымен танысты.

Ресейлік тарап қысқа мерзім ішінде қазіргі заманғы қаруларға сай өнімдердің кең ауқымынмеңгерген қазақстандық қорғаныс кәсіпорындардың дамуқарқынына жоғары баға берді.

Өткізілген кездесудің нәтижесінде тиісті хаттамаға қол қойылды.

Барлық жаңалықтар