- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорған тұрғыны елде қолайлы жағдай жасалғаны үшін Елбасына алғыс білдірді
Талдықорған тұрғыны елде қолайлы жағдай жасалғаны үшін Елбасына алғыс білдірді
16 Шілде, 2015 17:44
Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны Инна Лапшина өз хатында Мемлекет басшысына еліміздегі сот істерінде әділеттілік пен шынайылықты қамтамасыз етуге жағдай жасалғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мен – біреулер тарапынан ұлыммен араласу бақытынан айыруға әрекет жасалған анамын. Облыстық сот 8 шілде күні ата-аналық құқығымды қалпына келтіру жөніндегі шешімді жария еткенде қуанышымда шек болмады. Өмірдегі ең қымбат нәрсеге – өз баласын тәрбиелеу бақытына қайтадан қол жеткізген ана ретінде Сізге зор ризашылық білдіргім келеді», – делінген хатта.
Сонымен қатар, автор хатта Қазақстанның және өз отбасының болашағын тек Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміменен байланыстыратынын айтады.
«Сіздің дана басшылығыңызбен біздің елде бейбітшілік пен тыныштық орын алып отыр. Ұлым Валераның нағыз патриот болып ержетіп, елге пайдасын тигізетініне сенімдімін», – делінген хатта.
Соңында И.Лапшина Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт тілеген.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады