- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, «Дешті-Қыпшақ. Құпия белгілер» атты деректі фильм түсірілді
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып, «Дешті-Қыпшақ. Құпия белгілер» атты деректі фильм түсірілді
«Тархиқа жүгіну салмақты шешім, өйткені тарих өткелдерінде біздің халқымыз мен оның мәдениетінің орнын, оның алдында қандай міндет тұрғандығын білу қажеттілігі туындайды. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында фильм тарихтың аз қамтылған беттері «Дешт-и-Қыпшақ» туралы баяндайды. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауының арқасында Арменияға сапар ұйымдастырылып, онда армян шрифті мен қыпшақ тілінде жазылған қолжазбалармен танысудың мүмкіндігі туды, содан соң біз қыпшақ жазбаларына арналған «Codex Cumanicus» ескерткіші сақталған Италияға аттандық»,-деді сценаридің авторы және режиссер Бақыт Қайырбеков ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Фильмнің бірінші бөлімі Құдайды қыпшақ атауымен Тәңір деп атаған түсініктер кездесетін армяндар мен қыпшақтардың арасында орнаған тығыз қарым-қатынастарға арналды. Екінші бөлім, сол кезеңдегі әйгілі ақындардың бірі Франческа Петрарка 1362 жылы венециандық кітапханаға тапсырған, кейінірек, әулие Петр шіркеуінде сақталып келген теңдесі жоқ «Codex Cumanicus» кітабына арналады.
Деректі фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы негізінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының демеуімен түсірілген.
Режиссердің сөзінше, жобаны жүзеге асыруға 11 млн теңге жұмсалған, фильм қазақ ағылшын және орыс тілдерінде дайындалған.
«Биылғы жылдың тамыз айында Вашингтон мен Нью-Иоркте аталған фильм мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өзге де бірқатар деректі фильмдердің таныстырылым өтеді»,-деді Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры Андрей Хазбулатов.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады