- Басты
- Қазақстан Бутан Корольдігін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды (ФОТО)
Қазақстан Бутан Корольдігін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды (ФОТО)

Кездесу барысында А. Мусинов сұхбаттасына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бутан Королі Джигме Кхесар Намгьял Вангчукке 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ҚР-дың кандидатурасын қолдауы жөніндегі жолдауын табыс етті.
Арнайы өкіл Бутан Премьер-министрін Қазақстанның БҰҰ ҚК-не сайлануының дәйектері, атап айтқанда, өңірлік және халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтудегі үлесі, соның ішінде қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау жолындағы және елдің көпжақты дипломатия саласында белсенді қызметтері туралы ақпараттандырды.
Сұхбаттастар түрлі салалардағы екіжақты қатынастардың болашағын талқылады. ҚР СІМ басшысының орынбасары туризм, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі ел арасында жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
А. Мусинов Т. Тобгайды Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат бағдарламасы туралы ақпараттандырды. Атап айтқанда, елдің жақын арадағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірін зор өзгертетін Елбасы жариялаған бес институционалдық реформаның негізгі тезистеріне түсінік берілді.
Елдің сыртқы саяси бағытын қозғай келе, А. Мусинов Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесін (АӨСШК) құру бастамасы жөнінде хабардар етіп, Бутанды осы форумға қосылуға шақырды. Бутан АӨСШК өңір елдері арасындағы диалогтың танылған тұғырнамасы ретіндегі қызметіне қызығушылык танытты.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Бутан басшылығы мен компанияларын 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.
Сол күні Бутан Корольдігі Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Тшеринг Доржимен кездесу өтіп, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуал: Вирус жұқтыру көрсеткіші өсті
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады
-
«Таза сайлау» ұйымы: Сайлауда Қазақстан бойынша 500 заңбұзушылық тіркелді
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады»
-
Қазақстанның зейнетақы реформалары: өзгерістер мен нәтижелер
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды

