Жасотандықтар «100 нақты қадам» бағдарламасының жүзеге асуын талқылады

16 Шілде, 2015 18:46
«Еркін пікір» дискуссиялық клубының алаңында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ұсынған «Бес институцияналдық реформаны» жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасы талқыланды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.

Отырысқа өңірлік белсенді жастар, БҚО жастар маслихаты депутаттары, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік істері департаментінің өкілдері мен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері және оқу орындары тәрбие бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Жолдасқалиев Нұрғали, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалы төрағасы: «Елдің дамуы жолында «100 нақты қадам» бағдарламасының атқарар рөлінің орасан зор».

Бағдарламаның басты мақсаттарының бірі - Мықты кадрларды даярлау. Бұл орайда, «Жас Отан» ЖҚ «Жастар кадрлық резерві» жобасын іске асыруда. Жобаның жастарға берері ол: жас мамандардың жеке қасиеттерін дамыту, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттерін ілгерілету.

Жиын барысында елімізде етек жайған сыбайласқан жемқорлық мәселесі де шет қалмады. Жасотандықтар «Таза сессия» аясында қатысулар қатарын арттырып, аталмыш шаралар ЖОО мен өзге оқу орындарында өткізу туралы ұсыныстар жасалды.

 

 

Барлық жаңалықтар